19.04.2022, 9:15
Оқылды: 96

Тағы да жеңіс!

Футболдан биылғы ел чемпионатының алтыншы тур кестесіне сәйкес өткен сенбіде Оралдың «Ақжайығы» елордалық «Астананы» қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойынның 27-минутында бұрыштамадан берілген допты біздің команданың құрамындағы украиналық легионер Максим Каленчук (№9) баспен соғып, голға айналдырды. Осы жеңістің арқасында «Ақжайық» 7 ұпаймен 11-орыннан тоғызыншы орынға көтерілді.

IMG-20220418-WA0104

Жадыңызда жаңғырта кетейік, өткен турда «Атырауға» қонаққа барған оралдық аяқдопшылар жеңіспен оралған болатын (0:1).

23 сәуір күні Қарағандыда «Шахтермен» ойнайтын «Ақжайық» 27 сәуірде өз алаңында Керекудің «Ақсуын» қабылдайды.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале