19.04.2022, 17:00
Оқылды: 32

Комиссия отырысы өтті

Кеше Шыңғырлау ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанованың төрайымдығымен үш жақты комиссия отырысының жоспардан тыс отырысы өткізілді.

собез

Жиынға аудан прокуроры, комиссия мүшелері, күзет қызметін көрсететін ұйым уәкілдері қатысты. Сонымен қатар облыстық еңбек инспекциясының басшысы А.Досжанов бейнебайланыс арқылы қосылды.

Отырыстың басты мәселесі - күзет қызметін көрсететін ұйымдардың қызметкерлерімен еңбек қатынастары. Осы орайда аудандық білім беру бөлімінің басшысы Қ.Есенов жеке күзет агенттіктерінің қызметкерлері арасында еңбек қатынастары жөнінде баяндама жасады.

Басқосу соңында аудан әкімі Әлия Биғазықызы ұйым уәкілдеріне қызметкерлермен еңбек келісімшарттарын жасақтауды, барлық әлеуметтік аударымдарды уақытылы жүргізу қажеттігі тапсырылды.

Аман Сағи,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале