20.04.2022, 17:30
Оқылды: 45

Ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

Бүгін Казталов ауданы әкімдігінің үлкен залында аудан әкімі Рүстем Зұлқашевтың төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Жиынға комиссия мүшелерімен қатар бірқатар дербес бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

14

Жиында аудандық полиция бөлімінің бастығы Әзілхан Қайырханов сотталғандар және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалармен жүргізілетін профилактикалық жұмыстары жөнінде және бұрын сотталғандардың қайтадан қылмыс жасау деңгейі, тұрмыстық зорлық-зомбылықты ескерту және алдын алуға бағытталған шаралардың тиімділігі және бөтеннің мүлкін ұрлаудың, соның ішінде мал ұрлығының алдын алу шаралары туралы, мал бағымын ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары туралы баяндады. Құқық қорғау саласы басшысының сөзіне сүйенсек, ауданымызда соңғы үш айда отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында қылмыстық фактілері орын алмаған.

15

- 2022 жылдың 3 айы ішінде Казталов ауданы көлемінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында қылмыстық фактілері орын алған жоқ. ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша Казталов аудандық сотымен 12 әкімшілік іс, ҚР ӘҚБтК-нің 73-1 бабымен (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) 6 әкімшілік іс, ҚР ӘҚБтК-нің 73-2 бабымен (Ұрып-соғу) 10 әкімшілік іс, ҚР ӘҚБтК-нің 461 бабымен (Ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу)    2 әкімшілік іс, ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабымен (Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау) 4 әкімшілік іс қаралды, - деді Әзілхан Батырханұлы. Сонымен қатар, ол өз сөзінде ауыл тұрғындарының бағымсыз жүрген жеке малдарын және жайылымдарда қараусыз (бақташысыз) жүрген ірі қара малдары мен жылқы малдарын, сонымен қатар, ауыл аумағында эпизоотиялық ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз жасау үшін ауылдық округ көлемінде заңсыз мал қозғалысы жөнінде де ақпарат берді.

18

Бұдан бөлек комиссия отырысында аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Гүлдария Халықова, аудандық ветеринариялық станция басшысы Талғат Есполов, №2 Казталов аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, әділет капитаны Е.Е.Адиетов, Казталов ауылдық округінің әкімі Ернар Ғалымов, Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Әлия Жақсыбаева баяндама жасады. Аудан әкімі Рүстем Мүлкайұлы жиында қаралған мәселелер бойынша тапсырмалар беріп, ұсыныстар мен пікірлер хаттамаға енгізілді.

16

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале