22.04.2022, 10:45
Оқылды: 54

Ерекше күтімді қажет ететін балалар баспанаға мұқтаж 

Облыстағы «Арнау-Батыс» мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бағдат Арыстанғалиева Сырым ауданына келді.  Бағдат Ахонқызы Мәскеуден ота жасатып келген Юлия (Айша) Есмағұлованың жағдайымен танысты.

IMG-20220422-WA0023

Өлеңті ауылындағы жатақханада тұратын ерекше күтімді қажет ететін балалардың үйлеріне азық-түлік апарып берді. Олардың аналарымен шүйіркелесіп, рухани, моральдық қолдау білдірді.

IMG-20220422-WA0025

Бағдат Арыстанғалиева қоғамдық ұйым ретінде ерекше күтімді қажет ететін балалардың тұрмыс жағдайы, баспанасы оларды күтіп-бағуға сай келмейтінін айтып, мүмкіндігінше санитарлық тазалық талаптарына сай, жуынатын бөлмесі мен ішкі әжетханасы бар, жарық әрі жылы басыбайлы баспанамен қамтылу керек деген пікірін білдірді.

IMG-20220422-WA0024

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале