22.04.2022, 15:30
Оқылды: 56

Орал жылыжай комбинатының жұмысымен танысты

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Орал жылыжай комбинатының жұмысымен танысты.

WhatsApp Image 2022-04-22 at 14.02.38

Облыс әкімінің орынбасары Арман Өтеғұловтың айтуынша, комбинат жылына 3 мың тонна қияр мен қызанақ шығаруға қауқарлы. Кәсіпорын «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ желісі бойынша 5 млрд. теңге мемлекеттік қолдаудың арқасында іске қосылды. Соның нәтижесінде өңірде жылыжай өнімдерін өндіру екі есеге артты. Кәсіпорын 2020 жылы 2 мың тонна өнім шығарған. Қазіргі уақытта күніне 5 тонна қияр мен 700 келі қызанақ шығаруда.

WhatsApp Image 2022-04-22 at 14.02.33
– Көкөністермен қамтамасыз ету мәселесінде жылыжай кешендері маңызды рөл атқарады, сондықтан біз олардың санын арттыруға мүдделіміз. Бұл үшін жылыжай салуға және оны күтіп-ұстауға кететін шығындарды субсидиялауға айтарлықтай қаражат бөлінеді. Бұл жерде еліміздің батысындағы ірі кәсіпорындардың бірі Орал жылыжай комбинаты жұмысы маңызды екенін өткім келеді. Тек өз аймағымыздың ғана емес, сонымен қатар көрші аймақтардың нарығына шығу үшін де күш салу қажет. Бұл бағыттағы әлеует зор, – деп атап өтті Әлихан Смайылов.

WhatsApp Image 2022-04-22 at 14.02.15

Нұртай Текебаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале