24.04.2022, 20:27
Оқылды: 38

Аргентина Ресейге қарсы санкциялар енгізбеуге шешім қабылдады

Аргентина СІМ басшысы Сантьяго Кафьеро Ресейге санкциялар салынбайтынын айтты. Өйткені ел билігі Ресейге қарсы санкцияларды Украинадағы жағдайды шешудің тиімді әдісі ретінде санамайды.

photo_98015

Көрнекі сурет: pixabay

"Санкциялар мен блокадаларды жариялау бейбітшілікке, диалогқа және дипломатиялық келіссөздерге жетудің нәтижеге жеткізер жолы емес", - деді ол Аргентинаның Telam агенттігіне берген сұхбатында.

Аргентина тараптарды диалогқа шақырады.

Ол бүгінде Аргентинада біржақты санкциялар енгізу үшін нормативтік-құқықтық база жоқ екенін түсіндірді.

"Бұған тыйым салатын заң бар", - деді министр.

Источник: tengrinews.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале