25.04.2022, 9:30
Оқылды: 67

Ұмытпағанына рақмет!

Алдыңғы буынның, яғни қазіргі ардагерлердің газет-журналдарды көп оқитыны, әсіресе елдегі саясаттан, қоғамдағы өзгерістерден хабарсыз қалмауға тырысатыны баршаға аян. Біз – оқи жүріп жұмыс істеген, жұмыс істей жүріп өзіміздің білімімізді көтеруді ұмытпаған ұрпақпыз. Сонымен бірге қоғамның дамуына, еліміздің өркендеуіне бір кісідей атсалыстық. Көбіміз Бөрлі ауданында қызмет еттік. Қазір зейнетке шығып, облыс орталығына тұрақтағанмен, ел жаққа елеңдеп отырамыз. Жалпы, облыстағы жаңалықтарға да құлағымыз түрулі. Шүкір, құрметтен кенде емеспіз. Десе де, біз біліп отырсақ, ақыл-кеңесімізді айтсақ, тәжірибемізбен бөліссек дейміз. Осы ниетімізге орай биыл бізге, ауданның бір топ ардагеріне  облыстық «Орал өңірі» мен Бөрлі аудандық «Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести» қоғамдық-саяси газеттерінің бір-бір данасын тегін жаздырып берді.

IMG-20220425-WA0000

Осы игілікті іске демеуші болған ауданымыздың бұрынғы әкімдерінің бірі – Қайнолла Зейноллаұлы Қасенов екен. Ауданды аз уақыттай басқарып, кейін өз мамандығы бойынша мұнай-газ саласына кеткен Қ.Қасеновтің еңбегін, еңбекқорлығын, патриоттығын, азаматтығын жақсы білеміз. Ал оның бізді ұмытпағанына қайран қалдық және қатты риза болдық. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, осы қасиетті Рамазан айында бізге жергілікті басылымдарды тегін оқу мүмкіндігіне қолұшын берген Қайнолла Зейноллаұлына деген жүрекжарды алғысымызды жеткізгіміз келеді.

Бөрлі ауданының ардагерлері атынан: С.Алдабергенов, А.Қаржауов, А.Акишев, 

Орал қаласы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале