Сәуір айының 26, 27-сі күндері Оралдағы жастар мәдениет сарайында Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» шығармасының желісі бойынша «Қиял» эксцентрикалық фарс комедиясы сахналанады.
Қойылымды мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері Жасқайрат Валиуллиевтің режиссерлігімен «Ғасыр жастары» қоғамдық жастар театры сомдамақ. Сағатыңыз 18:00-ді соққан уақытта спектакль басталып кетеді. Кіру билеті жөнінде жастар мәдениет сарайының кассасына барып немесе +7 (778) 853-91-91 нөміріне хабарласып білуіңізге болады. Театрда кездесейік!
Нұртілеу Қадырқұл,
zhaikpress.kz