Одан әрі ҰЭМ басшысы табысын арттырғысы келетіндер үшін бірнеше лайфхак ұсынды.
-Негізгі лайфхак – жалқау болмау, ақша табуға мүмкіндік табу, білімге ұмтылу. Менің ойымша, көпшілігіміз меритократия қағидаттарына кез болған шығарсыздар, адамдар білім алып, өз бетімен жұмыс істегенде, табысқа жетеді. Қазақстанда мұндай мысалдар көп. Оқу керек, өзіңмен жұмыс істеу керек. Бұл, менің ойымша, ең маңызды лайфхак, - деді Әлібек Қуантыров.
Министр, өкінішке қарай, кейбіреулер 200-250 мың теңгеге жұмыс істеуден бас тартып жатса, кейбіреулерде ондай да ақша жоқ болатын мысалдар кездесетінін атап өтті.