26.04.2022, 11:45
Оқылды: 69

Сақтық пен жауапкершілікті ұмыту – тілсіз жауға «мүмкіндік беру»!  

Біздің облыс аумағында ыстық ауа райы келісімен дала өрттері орын алады. Көп жағдайларда дала өрттері адамдардың абайсыздығынан пайда болады. Табиғат аясына демалуға шыққан азаматтардың жаққан оттарын өшірмей кетуі немесе көлік жүргізушілерінің жол жиегіне өшпеген темекі тұқылын лақтыруы, ашық алаңқайда қоқыс немесе құрғақ шөптерді жағу секілді жағдайлар өртке себеп.

200625200206979e

inform.kz

Сырым ауданындағы №14 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау капитаны Қ.Ғалиевтің айтуынша, 2021 жылы бөлімде 52 рет дабыл көтерілген. Соның ішінде 15 өрт оқиғасына және 9 рет авариялық құтқару жұмыстарына шыққан. Былтыр ауданда 13 рет далалық құрғақ шөптің өртенуі, 15 мәрте жану оқиғасы орын алған.

Сақтықты қалай жүзеге асырамыз?

Ғимараттар мен құрылыстардың, сондай-ақ тұрғын үйлердің және басқа ғимараттардың аумағы тез жаңғыш қалдықтардан, жапырақ қалдықтарынан, құрғақ шөптерден және сол секілді тұрмыстық қоқыстардан тазалануы керек. Ашық өрт жағуға, қалдықтарды өртеуге тыйым салынады. Жазғы мезгілде ата-аналар балаларға ерекше назар аударуы тиіс. Ата-аналар балаларға сіріңкемен ойнауға болмайтынын түсіндіру керек.

-Қызыл жалыннан, әсіресе шаруашылықтар сақ болғаны абзал. Оттың бір құрылыстан басқасына өтіп кетпеуі үшін шаруашылық аулаларының, гараж кооперативтерінің аумақтарын құрғақ шөптерден және қоқыстардан тазарту маңызды.

Өрт оқиғасы кезінде 101 және 112 телефондарына қоңырау шалып, байқаған жану ошағын және оған қалай бару керектігін хабарлау қажет, – дейді Сырым аудандық өрт сөндіру бөлімі.

«Сырым елі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале