28.04.2022, 11:30
Оқылды: 37

Қожа бейнесі қайта жаңарды

26-27 сәуір күндері Орал қаласындағы Жастар мәдениет үйі жанынан құрылған «Ғасыр жастары» қоғамдық жастар театры Бердібек Соқпақбаевтің «Менің атым Қожа» повесінің желісімен «Қиял» эксцентрикалық фарс комедиясын көрерменге тарту етті. 

b9b719e9-88ce-495c-822c-54a96734683e

Спектакльде Қожаның бастан кешкен қызықты оқиғалары сахналанды. Қойылымды көрермендер жақсы қабылдап, ыстық ықыласын білдірді.

8095b16b-2ffb-4392-b76e-bc4fe2878978

Көпшілік сахнада «Салтанат» би ансамблі өнер көрсетсе, Ақбота Нұрлан, Әлихан Мақан, Жансая Сатапова, Дильназ Жүсіпкерей, Ақжол Алуланов, Самал Серікқызы, Сабыржан Рысқалиев, Еркебұлан Төлепқали сынды жас әртістер өз рөлдерін жақсы алып шықты.

aef24843-ec2c-47f5-a5c2-5f84dd092554

Жалпы қойылымнан повесть ішіндегі оқиғаларды да, біздің заманымыздағы өзгерістерді де байқауға болады. Кейде әртістер повесть желісінен шығып, өңіріміздегі жол мәселесі мен айлықтың аздығын да айтып өтті. Оны шапанының шаңын қаққан және жан-тәнімен рөлін беріле ойнап жатқан әртіске «88 мыңға сай ойна» деген кейіпкерден аңғардық.

d5873ba4-c155-4d03-a379-fe683847fce8

– Эксцентрика – іс-әрекеттердегі немесе оқиғалардағы логика мен себеп-салдарлық байланыстарды қасақана бұзуға, таныс ұғымдардың оғаш ығысуына негізделген комедиялық және пародиялық бейнелеу. Күлкілі, саркастикалық және тіпті шектен шыққан көріністер. Ал, фарс – жеңіл мазмұндағы күлкілі драмалық шығарма. Фарстың негізгі элементі жанжалды оқиғалар, әдепсіздік, дөрекілік. Комедияның бұл түрі әзіл-оспақ жасау үшін әдейі абсурдқа, физикалық әзілге, әдепсіз әзілдерге сүйенеді, – дейді қойылымның режиссері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Жасқайрат Валиуллиев.

c1a21e3b-4a82-4826-9461-6c7e0f59e8c7

Марлен Ғилымхан, 

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале