28.04.2022, 11:52
Оқылды: 67

Бұрыннан бар бап

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде "ҚР Конституциясына Н.Назарбаев Қазақстанның негізін қалаушы ретінде өзгеріс енгізіледі" деген ақпарат тарауда. Бұл ақпаратты таратқандар арасында журналистер де бар. Осы ақпараттың шынайылығын тексеру үшін ҚР Конституциялық кеңесінің сайтына жүгіндік. 

IMG-20220428-WA0018

Аталмыш сайтта Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес қарау туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдағаны жазылған.

Президент ұсынған заң жобасында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының   Заң жобасында "91-бапта: 1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

IMG-20220428-WA0017

«2. Конституцияда белгiленген мемлекеттiң тәуелсіздігі, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығы, оны басқару нысаны, Республика қызметінің түбегейлі принциптері, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның Негізін салушы ретінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мәртебесі өзгермейді.»" (1-сурет) делінген. Ұсынылып отырған өзгерісте "Елбасы" деген сөз алынып тасталған.

Заң жобасы әлі қабылданған жоқ.

1998 жылдан бері ҚР Констииуциясына 5 рет өзгеріс пен толықтыру енгізілген.  Ата заңның 91-бабының 2-тармағы 2017 жылы енгізілген (2-сурет).

Үкім: Манипуляция

Ясипа Рабаева,

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале