28.04.2022, 14:30
Оқылды: 34

Әкім сайлауын тағайындау жиыны өтті

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Жаңақала ауданының ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы жиын өткізді. Мұнда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, партия өкілдері, аудандық  қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. 

IMG-20220428-WA0038

- Жаңақазан ауылдық округінің әкімі Әлібек Лұқпанов өз өтінішімен жұмыстан босады. Жаңақазан ауылдық округінің әкімі қызметіне ертеңнен, яғни 23 сәуірден бастап құжат қабылдау басталады. Сайлау алғаш рет өткізілгелі отырған жоқ. Бұған дейін 4, одан кейін 2 ауылдық округтің сайлауы өтті. Сайлау ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес жүргізіледі. Дауыс беру күні 22 мамырға белгіленді. Одан кейін 3 күн ішінде қорытындысы шығып, тағайындау жұмыстары жүргізіледі.  Құжат қабылдау уақыты 6 мамырға дейін жүреді. 11 мамырға дейін тіркеу жұмыстарын аяқтауымыз керек, - деді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айдар Қаресов. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-1-бабының 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес Жаңақала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы қаулы қабылдады.

Жаннұр Жанұзақова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале