Жамбыл облысы Тараз қаласында көкпар мен аударыспақтан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталмыш жарысқа 14 өңір мен 3 қаланың көкпаршылары қатысып, 300-ге тарта белді де білекті шабандоз бақтарын сынады. Жаңақала ауданының намысын әрдайым қорғап жүрген Қолғанат Серіков ел чемпионатында аударыспақтан 74 келі салмақ дәрежесінде қатысып, қола жүлдеге ие болды. Былтырғы жетістігін қайталап, жерлестерін тағы да қуантты.
- Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Қарсыластарым да жақсы дайындықпен келген. Аударыспақ – бұл ат үстіндегі күрес. Жердегі күрестен екі есе қиын. Алайда астымдағы атым жақсы дайындықта болғанының арқасында қарсыласымды жеңе білдім. Аудан намысын қорғау үшін бар күшімді салып белдестім. Бұл жалғыз менің ғана жеңісім емес, күллі ауданның жеңісі, - дейді Қолғанат Серіков.
Райхан Амантайқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz