29.04.2022, 17:45
Оқылды: 189

Сырымдық жамағат хафизға ат мінгізді

Осыған дейін Рамазан айына орай Сырым ауданында игілікті бастамалар жүзеге асып жатқанын жазған едік. Әлі күнге Алланың үйінің атынан күн сайын 50 адамға ауызашар ұсынылып, халыққа тегін нан таратылуда.

29

Ислам дінінде Құран Кәрім кітабын түскен тілінде оқи білетін адамды қари, ал оны толық жаттап әрі жадында сақтап жүретін адамды хафиз дейді. Ай бойына Жымпитыдағы орталық мешітте Қызылорда облысынан келген хафиз Махмут Абжаппар тарауық намаздарын жүргізіп, Құран Кәрімді жатқа оқып, қасиетті Қадір түнінде хатым дұғасын жасады.

 

31

Бүгін жұма намазының алдында бас имам Қуанғали Қуанышұлы әріптесі Махмут Абжаппарға елге қылған қызметі үшін алғыс айтып, хат тапсырды. Ал Нұралы Үдіреев сырымдық жамағаттың атынан хафизға шапан жауып, ат мінгізді. Сауыры күнге ойнаған сүлікқара тұлпар халықтың риясыз құрметінің белгісіндей.

30

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале