Бөкей ордасында Балалар жылына орай «Шырқа, гитара!» бард әндерін орындаушылардың аудандық фестивалі өтті. Аталмыш фестивальге А.Құсайынов, Б.Жәнекешев, Жәңгір хан, М.Мәметова, М-С.Бабажанов және Т.Масин атындағы ЖОББМ оқушылары қатысты.
«Автор» номинациясы бойынша 12 жасқа дейінгі категориясында қатысқан жалғыз үміткер Т.Масин атындағы мектеп оқушысы Сағынжанқызы I орынды иеленді.
«Бардтық және туристік әндерді орындаушы» номинациясы бойынша13-15 жас категориясында Б.Жәнекешев атындағы мектеп оқушысы Инабат Асқар II орынды иеленсе, А.Құсайынов атындағы мектеп оқушысы Ақжол Бұхаров I орынды иеленді.
«Ансамбль» номинациясы бойынша 13-15 жас категориясында Т.Масин атындағы мектеп оқушыларынан құралған «Жиекқұм» ансамблі II орын, Ш.Жексенбаев атындағы мектептің ВИА «Ұшқын» ансамблі I орынды жеңіп алды.
«Гитарамен ән орындаушы» номинациясы бойынша 16-18 жас» категориясында Жәңгір атындағы мектебінің оқушысы Дильназ Құмар II орын, М.Мәметова атындағы мектеп оқушысы Аружан Бердібекова I орыннан көрінді.
«Бардтық және туристік әндерді орындаушы» номинациясы бойынша 16-18 жас» категориясында М-С.Бабажанов атындағы мектеп оқушысы Ернұр Мингалиев жүлделі I орынға ие болды.
Аудандық кезеңде жүлделі I орын иеленген жеңімпаздар, мамырдың 16-18 күндері Орал қаласында өтетін облыстық "Шырқа, гитара!" бард әндерін орындаушылардың фестивалінде аудан намысын қорғайтын болады. Гитарашы жас таланттарымыздың серігі тек жеңіс болсын!
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz