30.04.2022, 12:09
Оқылды: 108

Жас гитарашылар фестивалі

Бөкей ордасында Балалар жылына орай «Шырқа, гитара!» бард әндерін орындаушылардың аудандық фестивалі өтті. Аталмыш фестивальге А.Құсайынов, Б.Жәнекешев, Жәңгір хан, М.Мәметова, М-С.Бабажанов және Т.Масин атындағы ЖОББМ оқушылары қатысты.

8EB7B5A9-6FA3-42EA-BCA2-BFEADDA7331F

«Автор» номинациясы бойынша 12 жасқа дейінгі категориясында қатысқан жалғыз  үміткер  Т.Масин атындағы мектеп оқушысы  Сағынжанқызы  I орынды иеленді.

«Бардтық және туристік әндерді орындаушы» номинациясы бойынша13-15 жас категориясында  Б.Жәнекешев атындағы мектеп оқушысы Инабат Асқар  II орынды иеленсе, А.Құсайынов атындағы мектеп оқушысы Ақжол Бұхаров  I орынды иеленді.

4AEE235C-6DB9-435B-994B-366F50760533

«Ансамбль» номинациясы бойынша  13-15 жас категориясында  Т.Масин атындағы мектеп оқушыларынан құралған «Жиекқұм» ансамблі II орын, Ш.Жексенбаев атындағы мектептің ВИА «Ұшқын» ансамблі I орынды жеңіп алды.

«Гитарамен ән орындаушы» номинациясы бойынша 16-18 жас» категориясында  Жәңгір атындағы мектебінің оқушысы Дильназ  Құмар  II орын, М.Мәметова атындағы мектеп оқушысы Аружан Бердібекова  I орыннан көрінді.

  «Бардтық және туристік әндерді орындаушы» номинациясы бойынша 16-18 жас» категориясында  М-С.Бабажанов атындағы мектеп оқушысы  Ернұр Мингалиев жүлделі I орынға ие болды.

40F3DE1B-4D61-4375-9E2A-80534D2BDAA2

Аудандық кезеңде жүлделі I орын иеленген жеңімпаздар, мамырдың 16-18 күндері Орал қаласында өтетін облыстық "Шырқа, гитара!" бард әндерін орындаушылардың фестивалінде аудан намысын қорғайтын болады. Гитарашы жас таланттарымыздың серігі тек жеңіс болсын!

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале