Осыдан он-шақты күн бұрын Twitter әлеуметтік желісін 44 млрд долларға сатып алған Илон Маск парақшасына алдағы уақытта желінің кейбір қолданушылары үшін ақылы болатынын жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Twitter-ді қарапайым азаматтар әрдайым тегін пайдаланады. Алайда, коммерциялық немесе үкіметтік пайдаланушылар аз мөлшерде төлем жасауы мүмкін», - деп мәлімдеді ол.
Илон Маск аталған желінің бүкіл әлемде сөз бостандығына қызмет ететініне де сенім білдірген.
Айта кетейік, жақында Илон Масктың Twitter-ді қомақты қаражатқа сатып алғаны туралы хабарлаған болатынбыз.