5.05.2022, 13:00
Оқылды: 57

Жауыр болған киік мәселесі

Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес аудан және ауылдық округ әкімдері тоқсан сайын халықпен кемінде бір кездесу өткізу керек деп көрсетілген. Осы орайда Жәнібек ауданы әкімі Азамат Сафималиев пен дербес бөлім басшылары Борсы, Жақсыбай, Талов ауылдық округтеріне барып, халықпен жүздесті.

279840046_2613545798781419_5280789840984046134_n

Аудан басшысы әр сала бойынша жұмыстарды баяндап, әрбір сауалға жеке-жеке жауап берді. Мысалы, үш ауылдық округ киік мәселесін ортаға салды. Бұл мәселені көтеріп жүргендеріне биыл бес жыл болғанмен еш нәтиже жоқ екендерін жеткізді. Борсы ауылдық округінің тұрғыны Әмірхан Досболатов биыл қандай ауылдардан қанша жер бөлінетінін сұрады. Сол сияқты жақсыбайлық Меңдеш Дәулетов Ақадір елді мекенінде орналасқан үлкен көліктер өтетін темір көпірге жөндеу керектігін жеткізсе, Ғибатолла Мекетаев киікке қатысты өз ойын айтты. Оның айтуынша, 150 бас малды елуге дейін қысқартуға тура келді. Себебі киік жерді тапап, мал азығы жылдан-жылға азайып бара жатыр. Сондай-ақ ауыл ішіне заманауи жарық шамдарын орнатып, оның санын көбейтіп, майысқан, құлайын деп тұрған бағаналарды реттеп беруді сұрады.

279889443_2613545582114774_8392828076276951669_n

Сонымен қатар Талов ауылының тұрғындары мектепке баратын бала санының азаюына байланысты Ғ.Сарыбаев атындағы орта мектеп тоғыз жылдық білім ордасына көшіп, көптеген тұрғын жұмыссыз қалады деп қауіптенеді.

279879052_2613545538781445_2550694872230456390_n

Аудан әкімі мен тиісті мекеме басшылары тұрғындардың қойған сауалдарына тиісті жауап қайтарды.

 

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале