5.05.2022, 17:00
Оқылды: 47

Жаңақалада кезектен тыс ХХІІ сессия өтті

Жаңақала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІІ сессиясы өтті. Аудандық мәслихат хатшысы Серік Жәрдемалиевтің жүргізуімен өткен жиынға аудан әкімі Дархан Закарин, тиісті аудандық мәслихаттың он бір депуттаттың сегізі, аудан әкімінің орынбасарлары, Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Қанат Сейдазымұлы Алпысбаев, қоғамдық кеңестің төрағасы, «AMANAT» партиясы Жаңақала аудандық филиалының атқарушы хатшысы, ауылдық округ әкімдері, мекеме-кәсіпорын басшылары қатысты.

IMG_3085

Сессияның күн тәртібінде он бір мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Семенов Жаңақала ауданының 2021 жылға арналған аудандық бюджетінің орындалуы жөнінде жылдық есебін бекіту туралы баяндады. Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Қанат Алпысбаев Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2021 жылға арналған Жаңақала аудандық бюджетінің орындалуы туралы есебін баяндап, қойылған сұрақтарға жауап берді. Аудан құрамына кіретін ауылдық округ әкімдері бюджетінің орындалуы жөнінде мәлімдеме жасады.

IMG_3090

Сессияның күн тәртібіне ұсынылған мәселелер толық қолдау тауып, шешім бірауыздан қабылданды.

Арайлым Айденова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале