5.05.2022, 20:35
Оқылды: 40

Есептік кездесулер жалғасуда

Бүгін Шыңғырлау ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанованың қатысуымен Алмаз бен Ақшат ауылдарында есептік кездесу жиындары өтті. Қос ауылдың округ әкімдері слайд арқылы үш ай көлемінде атқарылған жұмыстарға шолу жасай келе, 2022 жылға арналған негізгі міндеттер туралы баяндады.

IMG_7590

Алмаз ауылдық округінің әкімі Сағындық Кальниязов әлеуметтік көрсеткіштер статистикасын баяндап, тұрғындардан түскен сауалдарға жауап берді. Ал Ақшат ауылдық округінің әкімі Ерлан Айшуақов өткен есептік кездесуде ауыл тұрғындардан түскен сұрақтардың бүгінде шешілу жолына тоқталды.

IMG-20220505-WA0128

Мәселен, саябақты ретке келтіру жөнінде сұраққа қатысты саябақтың жер телімін Ақшат ауылдық округінің әкімі аппаратына аудару үшін, аудандық жер комиссиясының қорытындысы шығып, бүгінде жерге орналастыру жобасы дайындалуда. Келесі ауылға Шағын футбол ойнайтын алаң салу жөніндегі сұрақ бойынша, қазіргі таңда жобалық сметалық құжаты дайын. С.Исқалиев көшесіндегі грейдер жолға ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша аудандық ТҮ КШ, ЖК және АЖ бөлімі жобалық сметалық құжат дайындауда. Қазпошта бөлімшесіне тұрақты жұмыс жасау үшін кассир қызметкерін шешу жөнінде сұрақ бойынша, қазіргі таңда пошта қызметкері тұрақты жұмыс  орнында халыққа қызмет көрсетілуде екен, міне осы тектес бірқатар мәселелер бүгінде орындалу барысында екендігі қуантады.

IMG-20220505-WA0129

Әр ауылдық округте өткен есептік жиыннан соң тұрғындар жеке мәселелерімен аудан әкімінің қабылдауылда болып, өздерін толғандырған сұрақтарына толыққанды жауап ала алды.

Аман Ізмұхан, 

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале