Бүгін ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай облыс әкімі Ғали Есқалиев Орал қаласындағы 5517-әскери бөлімінің қызметшілерімен кездесті.
Өңір басшысы іс-шара қатысушыларын мерекемен құттықтап, бірқатар әскери қызметкерге лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны және қызметтік-жауынгерлік әрекеттегі жетістіктері үшін алғысхат табыстады.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы штаб бастығының орынбасары, полковник Бекайдар Махамбетұлы, тыл басқармасының бастығы Эдвард Бейсенғұлов, кадр бөлімінің аға офицері, майор Руслан Әуезов, 5517-әскери бөлімінің материалдық және техникалық қамтамасыз ету ротасы командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, лейтенант Жангелді Құрманғазиев, байланыс взводының маманы, қатардағы жауынгер Сапарғали Ерболов және басқа да әскери қызметкерлер марапатқа ие болды.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары, штаб бастығының уақытша міндетін атқарушы, подполковник Қарақат Куйханов ҚР Ішкі істер министрінің, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары, Ұлттық Ұлан Бас қолбасшысының мерекелік бұйрықтарын жеткізді. Іс-шара соңында 5517-әскери бөлімі жауынгерлері қоян-қолтық күресі бойынша көрсетілім ұсынды.
Марлен Ғилымхан,
zhaikpress.kz