11.05.2022, 14:45
Оқылды: 69

Батыс Қазақстанда төрт адамға қасқыр шапты

Батыс Қазақстан облысында ауылда қасқыр шауып, төрт адам зардап шекті. Оқиға 7 мамыр күні Шыңғырлау ауылдық округіне қарасты аудан орталығынан 15 шақырым жерде орналасқан Шоқтыбай елді мекенінде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220511074857564e

Шыңғырлау аудандық ішкі саясат бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, 7 мамыр күні сағат 21:30 шамасында Whatsapp тобында тұрғындар бір-біріне ауылда қасқыр жүргенін хабарлап, сақ болу керектігін ескертеді.

Түз тағысының бірнеше тұрғынға шабуыл жасағаны анықталғаннан кейін ер азаматтар жиналып, іздестіріп, қасқырдың көзін жойған. Жыртқыштың басы зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық ветеринарлық станция қызметкерлеріне тапсырылды.

Жарақат алып, қасқырдың тісі тиген екі ер, бір әйел адам және бір бала аудандық ауруханаға жеткізілді.

Жалпы, аталған елді мекен тұрғындары биыл бұдан бұрын да бірнеше рет 5-7 қасқыр көргендігін айтып, тиісті шара қабылдауды сұраған. Бұл туралы 8 мамыр күні сол Шоқтыбай ауылында өткен жиында белгілі болды.

«Толық екпе салынған үш адам амбулаторлық ем алу үшін үйлеріне жіберілді. Қолы жарақаттанған жасы 50-лердегі әйел ауруханада жатыр. Зерттеу қорытындысына сәйкес олардың бәрі де емдеу курсынан өтеді. Оған қоса, қасқырмен байланыста болған тағы 6 адамға екпе салынды», - деді ҚазАқпарат тілшісіне аудандық аурухананың бас дәрігері Қылыш Жазықбаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале