13.05.2022, 11:15
Оқылды: 33

Гіршілерге жұртшылық риза болды

Жуырда Шыңғырлау аудандық саябағында 16 кг гір тасын жұлқып көтеруден жарыс өтті. Шараның мақсаты - аудан тұрғындарын адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. 

IMG-20220513-WA0032

Жарыс ережесі бойынша 5 минут уакыт ішінде 16 кг гір тасын жұлқып көтерген үздік спортшы жеңімпаз атанады.

Нәтижесінде І орынды Мирас Жұмашев (90 рет), ІІ орынды Жастілек Дулатов (79 рет) және ІІІ орынды Әділет Рамазанов (75 рет) иеленді. Білек күші мен шыдамдылық сынға түскен сайысты тамашалаған жұртшылық риза болып қалысты.

                                                                         Н.Айқын,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале