16.05.2022, 19:17
Оқылды: 255

Шеберлік сыныптар понорамасы өтті

Жуырда Жаңақала ауданында облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының педагогтары арасында «Үздік тәжірибе – сұранысқа ие» атты шеберлік сыныптар понорамасы өтті.

762F0C4C-15AC-4859-90BB-C3A86006FF16

Концерттік бағдарламаның шымылдығын Қали Жантілеуов атындағы балалар саз мектебінің оқытушылары ансамблі Ж.Елеукеевтің «Қара жорға» күйімен ашты. Содан соң Сұлтанбек Әлипов «Өз елім» әнін нақышына келтіріп шырқаса, Ләйлә Жолмағамбетова Брамстың «Венгер биі» шығармасын жеке қобызда орындады. Миргүл Сағидоллақызы Біржан салдың «Көкек» әнін шырқаса, Дархан Кадерұлы мен Темірлан Біржанұлы Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйін тартты. Қали Жантілеуов атындағы балалар саз мектебінің оқытушылары ансамблі Аман Малдыбаевтың «Көне тараз» күін орындаса, «Айгөлек» бөбекжайының музыка жетекшісі Жалғас Серікұлы «Қазақ елі» әнін шырқады.

Жаңақала балалар бөбекжайының музыка жетекшісі Жамалды Жамбылқызы «Ақшағала» әнін орындаса, «Жауқазын» бөбекжайының тәрбиешілері «Катерина» биін биледі. Жаңақала балалар бөбекжайының музыка жетекшісі Ақжарқын Темірғалиқызы түріктің «Омузумда» әнімен қалың көрерменді тәнті етсе, «Жауқазын» бөбекжайының музыка жетекшісі Гүлназ Мейрамғалиқызы «Атамекен» әнін нақышына келтіріп жеткізе білді. Концерттық бағдарламаны «Көпжасар» бөбекжайының музыка жетекшісі Аңсарбек Қуанышев «Атамекен» әнімен тәмамдады.

Р.Хамзина,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале