17.05.2022, 12:15
Оқылды: 85

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланбай отырған шаруашылықтармен түсінік жұмыстары жүргізілді

Жаңақала ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында БҚО әкімінің бірінші орынбасары А.Өтеғұловтың хаттамалық тапсырысына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланбайтын шаруашылықтармен түсінік жұмыстарын жүргізу туралы кеңес отырысы аудан әкімінің орынбасары Асқар Жомартұлының жүргізуімен өтті.

060B06AE-FD49-4F49-B769-F1CEF0C2E415

Жиынға БҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Өміралиев, БҚО жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Берік Абатұлы, БҚО жер ресурстарын басқару департаменті Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы Тахир Нұрахметов, БҚО мәслихат депутаты, «Ауыл» партиясының мүшесі Серік Абдуғалиұлы, ауылдық округ әкімдері, аудандық мәслихат депутаты Руслан Оразалиев, Батыс Қазақстан облысы бойынша «SHOPAN ATA» филиалының жетекшісі Талғат Байкенов, аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Қамбар Каменов, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі және аудандық жер қатынастары бөлімінің басшылары қатысты.

Күн тәртібінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланбайтын шаруашылықтармен түсінік жұмыстарын жүргізу мәселесі кеңінен қаралды. БҚО жер ресурстарын басқару департаменті Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы Тахир Нұрахметов баяндама оқып, қойылған сұрақтарға жауап берді. БҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Амангелдіұлы баяндама оқып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау – айыппұл салуға әкеп соғатынын және жер учаскесі мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізіміне іліксе, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша жалға алу жөнінде өткізілетін конкурстарға қатыса алмайтындығын және үш жыл бойы жер учаскелері берілмейтінін түсіндіріп өтті. Шаруа қожалық иелері де көкейлеріндегі біраз сұрақтарға жауап алды. Жиын қорытындысында айтылған жұмыстың орындалуына ел болып жұмыстанатыны сөз болды.

Арайлым Айденова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале