17.05.2022, 11:44
Оқылды: 72

Азаматтық борышын өтеуге аттанды

Әрбір жастың Отан алдындағы міндеттерінің бірі - азаматтық борышын өтеу, қажет болған жағдайда елін, жерін қорғау. Өз ата-жұртын, Отанын шын жүректен сүю және құрмет тұту.

DB827E04-F942-4BE1-BD4C-93646C172437

  Қазақстанның Қарулы Күштері бүгінгі таңда заманауи материалдық-техникалық жағынан жақсы қамтылған. Білімді де тәжірибесі мол офицерлер, арнайы мамандар жас сарбаздарға тәлім беріп, әскери жаттығуларға үйретуде. Ел қорғайтын жауынгер жан-жақты әрі моральдық және физикалық тұрғыдан мықты болуы, әскер қатарында шынығуы тиіс.

  Жақында Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында Шыңғырлау қорғаныс істері жөніндегі бөлімі арқылы Қазақстан  Республикасы Қарулы Күштері қатарына  бірнеше жас шыңғырлаулық жігіттер әскерге аттанды.

Медициналық тексеруден өтіп, шымыр да денсаулығы мықты деп іріктелген  ауданның жас тұрғындары Мирлан Жұмабаев, Ерназ Нұртазин, Роман Рудь және Жандаулет  Тілекқабылұлын отбасы, достары, сондай-ақ аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкерлері жақсы тілектерін арнап, ақыл-кеңестерін айтып, шығарып салды.

Төрт жігіттің де міндеттерін абыроймен атқарып, білімдерін жетілдіріп, тәртіпке дағдыланып, әскери техникаларды толық меңгеріп туған жерге келеді аман оралады деген сенімдеміз.

                                                                А.Аңсар,

Шыңғырлау ауданы

 zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале