17.05.2022, 15:30
Оқылды: 83

Бұлан мен Жамбылға ауыз су тарту жұмыстары басталды

Бүгін Бұлан ауылдық округінің әкімі Мұрат Әділгереев тұрғындармен кездесіп, 2022 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстарды баяндады. Жиналысқа Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев қатысты.

D53264AB-1CE5-4CDF-88FC-73B3BDC1BE06

Осыған дейін аудандық басылымда "7 млн теңге желге ұшқалы тұр!" тақырыбымен мақала жарияланды. Мақалада Бұлан ауылының 2 шақырымдық кіреберіс жолының жөндеу жұмыстары үшін 7 млн теңгеге жуық қаражатқа жобалық-сметалық құжат жасақталғаны, маусым айында құжаттың мерзімі өтетіні айтылды. Бұл мәселе бүгін жиналыста тағы көтерілді. Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиевтің айтуынша, Сырым аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Бұланның кіреберіс жолын жөндеу үшін мамыр айында мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланыпты. Жұмыс басталады. Алайда аяқтау үшін республикалық қазынадан қаражат керек.

Сырым ауданы бойынша тек Бұлан ауылында қазақ күресі үйірмесі жоқ. Аудан басшысының мәлімдеуінше, облыстық спорт басқармасына штат жөнінде сұраныс берілген. Қыркүйекке дейін шешілмек.

Осы айда Бұлан және Жамбыл ауылдарына ауыз су құбырын тарту жұмыстары басталды.. Жаңалықтың бірі - сол.

"Бұлан" қожалығының өкілі Мақсот Досалиев шаруаларды мал азығын жинау науқанын жауапкершілікпен өткізуге шақырды. Тұрғындар электр трансформаторлардың техникалық қызметін уақтылы жүргізу, электромонтерларды жарақтандыру мәселелерін айтты. Сонымен қатар, Шідерті бойындағы бақша иелері ауылға жәрмеңке ұйымдастыру туралы ұсыныс болды.

Төлеген Төреғалиев түстен кейін Аралтөбе ауылдық округіндегі тұрғындармен кездеседі.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале