18.05.2022, 17:30
Оқылды: 59

Бақытқа бастар жол

Жуырда Халықаралық отбасы күніне орай «Тасқала әйелдері» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен және аудандық аналар кеңесінің ұйымдастыруымен оралдық жас блогер, екі бүлдіршіннің анасы, ибалы келін Бибінұр Хамитқызымен кездесу өтті.

IMG-20220518-WA0044

Шараның басты мақсаты - отбасылық құндылықтың қандай болатынын дәлелдеу, болашақ ұрпаққа көрсету, отбасындағы еңсесі биік ұлдар мен қыздарды ұлықтай отырып, құндылықтарын сақтауға үйрету. Кездесуге жас келіндер қатысып, рухани сырласып қайтты. Шара барысында отбасылық өмірдің алғашқы жылдарында кездесетін қиындықтар, ер мен әйел адам қарым-қатынасы, бала тәрбиесі, ене мен келін ара-қатынасы сияқты өзекті мәселелер көтерілді. Кеш қонағы Бибінұр жас келіндерге отбасы - тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы, баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты екендігін айтып өтті. Сонымен қатар Бибінұр Хамитқызы жас келіншектерге бала тәрбиесіне, отбасындағы әке мен ана рөлін айқындауға арналған кітап қорын ұсынды. Кездесуге қатысушылар тарапынан жас аналар арасында аталған кітаптарды оқып, талдау мақсатында клуб құру туралы ұсыныс айтылды.

Әсел Шәкенова,

«Тасқала әйелдері» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, аудандық аналар кеңесінің мүшесі

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале