19.05.2022, 11:00
Оқылды: 56

Ардагер журналистердің облыс халқына үндеуі

Қадірлі жерлестер!

Біз барлық саналы ғұмырын облыс баспасөзіне арнаған ардагер журналистер биылғы бесінші маусымда өтетін маңызы зор конституциялық референдум қарсаңында осынау үнде­уімізді өздеріңізге жолдап отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тың бастамасы­нан туындаған ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум өткізу туралы ұсынысы халық тарапынан қолдау тапты. Бұл –Президентіміздің  ұсынысының  ел-жұрттың талап-тілегінен бастау алғандығының айқын дәлелі. Жалпыхалықтық референдум өткізуге қадам жасалғаны – Қазақстанда демократия түбегейлі салтанат құрса деген ниеттен туған халық пен биліктің шынайы  ықыласы. Біз, әрқайсымыз осы референдумға қатыса отырып, Ата заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға өз қолдауымыз­ды білдірейік.

6

Бұл іске барынша жауапкершілікпен қарайық. Өйткені осынау халықтық референдум–мемлекетіміз  үшін, өзіміз үшін және болашақ үшін қоғамдық-саяси қажеттілік. Осыны біздер, батысқазақстандықтар, шын пейілімізбен түсінгеніміз жөн. Конституциямыздың 33 бабына маңызды өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Бұл – еліміздің Негізгі заңының үштен бір бөлігі. Жаңа өзгерістер бойынша Үкіметтің Парламент алдындағы жауапкершілігі артады. Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі палатасы – Мәжіліс  заң шығарушы құрылымға айналады. Аудандық, қалалық мәслихаттардың депутаттары түгелдей мажоритарлық, ал облыстық мәслихаттардың депутаттары аралас жүйе бойынша сайланбақ. Бұл өз кезегінде мәслихаттар рөлінің күшейіп, беделінің артуына ықпал етеді. Азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған Конституциялық сот құрылады. Ал адам құқын қорғау – қай  заман, қандай  қоғамдық формацияда да өте маңызды мәселе.

«Референдум әрқайсымызға ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді және жан-жақты демократияландыру мен Жаңа Қазақстанды құру жолындағы бағытымызды нығайтады» – деп атап көрсетті ҚР  Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ендеше, еліміздің қоғамдық-саяси  және әлеуметтік-экономикалық  тұрғыдан  жаңарып-жаңғыруына негіз болатын конституциялық референдумға  белсенді қатысып, елдігімізді  танытайық, әлеумет!

 

Құрметпен: Мәжит Қайырғалиев, Энгельс Шыңғалиев, Аманкелді Ақмурзин, Владислав Ярлов, Еламан Әйпішев, Есенжол Қыстаубаев, Роза Сыйықова, Ғайсағали Сейтақ, Ольга Кулик, 
Серік Жұмағалиев, Болат Есқалиев, Өмірзақ Ақбасов, Өтепберген Жүсібәлиев, Ұлдай Сариева,  Тәрбие Смағұлова, Махмет Қажиахметов, Мүсірбек Айташев, Тамара Елеуова, Серік Ықсанғали, Кәримолла Ғайсин, Асқар Құсайынов

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале