19.05.2022, 18:09
Оқылды: 7

Комиссия отырысы өтті

Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті. Жиында аудан бойынша қамқоршылық пен қорғаншылықтағы патронаттық тәрбиедегі балалардың жағдайы туралы аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Гүлмира Кауденова сөз алды.

540A869F-E2C2-44CF-AAC0-B1E73F819178

Әрмен қарай Талов, Тау ауылдық округі бойынша кәмелетке толмағандарға төнген қауіпті анықтау, алдын алу, жағдайы төмен отбасылардағы кәмелетке толмағандармен мектеп, округ әкімдерінің жұмысы туралы мәселе күн тәртібіне қойылды. Тақырып аясында  Ғ.Сарыбаев атындағы орта мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі Г.Зұлқарнаева, Ғ.Абдуллин атындағы орта мектептің директоры С.Қарабалин  баяндама жасады. Сондай-ақ жиында жас жеткіншектердің қатысуымен өткізілген шараларды аудандық «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Мейрамбек Шайдуллин айтып берді. Басқосуда баяндамалармен бірге слайд-презентация көрсетілді. Отырыста қаралған мәселелерге орай комиссия мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

 Жиын соңында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігі, жат әдет-қылықтардан аулақ болуы, олардың құқықтарының қорғалуы жауапты мекемелердің ұдайы назарында болуы қажеттігі айтылып, нақты тапсырмалар жүктелді.

 Қ..Ғалиева,

Жәнібек ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале