20.05.2022, 12:45
Оқылды: 42

Нұр-Сұлтанда 8-қабаттан құлай жаздаған қызды құтқарған үшінші жігіт табылды

Нұр-Сұлтанда 3 жасар қызды құтқарған Сәбит Шонтақбаевқа көмектескен үшінші жігіт табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

0004

Бұған дейін Сәбит сұхбаттарының бірінде терезе жабылып кетпеуі үшін оны ұстап тұрған үшінші адам болғанын айтқан еді. Батыр есімді блогер үшінші адамды тапқан. Блогердің айтуынша, үшінші жігіттің есімі - Нұрайдын. 2003 жылғы Қызылорда облысы, Қазалы ауданының тумасы.

"Астанада ағасының үйінде тұрады. Қазір Қарағанды университетінің математика және ақпараттық технологиялар факультетінде екінші курста оқиды. Дәл сол күні ол сессияға асығып бара жатқан. Бірақ сол сәтте Сағидің қасында терезені тіреп тұрған осы Нұрайдын болған екен. Сағи өзі де кейінгі видеода қасымызда тағы бір жігіт болған дейді. Таптық. Қарапайым жігіт. Студент. Өзім түсемін деген жоқ. Өзім түсірейін дедім. Осындай жігіттерді ел біліп жүрсін дедім. Ата-анасы да қуанып жүрсін. Жарайсың, Нұрайдын.

Бұл жігітке медаль, ешнәрсе керек емес! Ерекше құрметтің де керегі жоқ! Тек ел білсін деп көрсеттім", - деді блогер.

18

Еске салайық, оқиға 11 мамырда Нұр-Сұлтанда болған еді. Екі ер адам жұмысқа бара жатып, терезеде ілініп тұрған үш жасар қызды көрген. Сәбит Шонтақбаев пен Сағи Жылқышиев бірден ішке қарай жүгіріп, көрші үйдің терезесінен баланы қағып алған.

Кейін Сәбитке де, Сағиға да баспана берілетіні хабарланған болатын. Ал қызды құтқару сәтін видеоға түсірген әйелге кәсіпкер ақшалай сыйлық жасаған еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале