Бүгін сағат 17:20-да Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақсай қаласының тұрғынынан ақша бопсалаған 23 жастағы ер адамды ұстады.
Ұсталған азамат деструктивті діни ағымының жақтаушысы. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 194-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201 бабына сәйкес басқа ақпарат жариялануға жатпайды.
БҚО ПД Баспасөз қызметі