23.05.2022, 16:45
Оқылды: 66

Он адамға «Жәнібек ауданының Құрметті азаматы» атағы беріледі

Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс он сегізінші сессиясы өтіп, оған аудан әкімі Азамат Сафималиев, мәслихат депутаттары, бөлім басшылары, ауылдық округтердің әкімдері және аудан әкімі аппаратының басшысы қатысты.

10

Аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимовтың төрағалығымен өткен сессияда Жәнібек аудандық мәслихат депутатының өкілеттігін тану жөніндегі аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы туралы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жақсылық Абдолов баяндаса, Жәнібек аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №12-2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және 2021 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сариев айтып өтті. Сонымен қатар ZOOM платформасы арқылы Ақоба, Борсы, Жақсыбай, Жәнібек, Күйгенкөл, Қамысты, Талов, Тау және Ұзынкөл ауылдық округтерінің әкімдері бюджеттерінің атқарылуы хақында мәлімдеді. Сондай-ақ «Жәнібек ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрсұлтан Серік хабарлама жасады. Аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Ділдаш Ысқақоваға, Қалиолла Мұқановқа, Нияз Ахтаевқа, Тоқтаған Үмітаеваға, Өтеғали Хакимовқа, Болат Әмірғалиевке, Светлана Гоманға, Ерсайын Құбашевке, Амангелді Уахитовке және Берік Өтешевке «Жәнібек ауданының Құрметті азаматы» атағы берілетін болды.

11

Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 9 қаңтардағы «Жәнібек ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» №28-2 шешіміне өзгерістер енгізу және Жәнібек аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 тамыздағы «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» №46-3 шешімінің күші жойылды деп тану туралы аудандық мәслихат тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында талқыланғандықтан, бұл мәселелер бірауыздан бекітілді.

12

Шара барысында Баян Дәулетова аудандық мәслихат депутаты болып сайланды.

Сессияда сөз алған аудан әкімі Азамат Сафималиев алдағы уақытта атқарылуы тиіс міндеттерге кеңінен тоқталды.

Лаура Халина,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале