24.05.2022, 14:31
Оқылды: 43

Референдум еліміздің болашағын айқындайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасы бойынша биылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Конституциялық реформа – еліміздің дамудың жаңа жолын таңдағанының көрінісі. Тарихқа көз жүгіртсек, Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі әлемде бар тенденция. Алысқа бармай-ақ көршілес елдерде мұндай саяси процестер жақын жылдарда болған. Сол себепті 27 жылдан кейін өткізілгелі отырған референдумға үрке қараудың еш жөні жоқ. Тиісінше, бұл қадам Конституциямызда айқындалған әр азаматтық конституциялық құқын растап, елдегі өзгерістерді өз таңдауына қалдырып отыр. Елдегі саяси және басқару жүйесіндегі реформаларға құқықтық негіз беретін бұл референдумның маңызы зор. Бұл – Қазақстанның болашағын айқындайтын қадам.

Еркебұлан Батенов

– Конституцияға енгізілгелі отырған өзгерістерде мемлекеттің басты капиталы – халқы және елдің, жердің иесі де сол халқы екенін айқындайтын басымдықтар бар. Жалпы Ата Заңдағы 98 баптың 33-і өзгертілмек. Бұл елдегі саяси жүйені құқықтық тұрғыда бекітеді.Үйлесімді және теңгерімді жүйені нығайтады. Мәслихаттардың ықпалын арттырады. Конституцияның жаңарған нұсқасында Президенттің барлық саяси күштер мен партиялардан дербестігін бекіту көзделген. Мемлекет басшысының жақын туыстарына саяси лауазым иеленуге және квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынады. Елімізде өлім жазасы мүлде жойылады. Мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жасалып жатыр. Алдағы конституциялық реформа ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын көрсетеді.

– Өзгеріс өзімізге керек. Конституциямызға енгізілетін өзгерістерді бекіту үшін өтетін референдумның мәні мен маңызы осында. Елдегі реформаларға құқықтық негіз болатын өзгерістер халық талқысына салынып отыр. Ендеше, оны қолдап, дауыс беру – елге жүктелген жауапкершілік. Тәуелсіз Қазақстанның ең басты құжаты – Конституциясы. Ал ондағы жазылған әрбір сөз, әрбір тыныс белгісі маңызды рөл атқаратынын жастар түсінуі керек. Сондықтан әрбір азаматымыз 5 маусымда дауыс беріп, осы тарихи бетбұрысты жасауға өз үлесін қоса алады.

Баршаңызды референдумға қатысуға шақырамын!

Еркебұлан Батенов, 

«AMANAT» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының

 консультанты

Тапсырыс беруші: «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігі 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале