24.05.2022, 17:15
Оқылды: 38

Солтүстік Кореяда безгек жұқтырғандардың тәуліктік өсімі 200 мыңнан төмендеді

Солтүстік Кореяда «безгек» деп аталып кеткен ауру белгілері бар науқастардың тәуліктік өсімі үшінші күн қатарынан 200 мыңнан төмендеді. Сәуір айының аяғынан бастап мұндай жағдайлардың жалпы саны 3 млн адамға жуықтады. Бұл туралы Кореяның орталық телеграф агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap-қа сілтеме жасап.

220524145016841e

Агенттіктің мәліметінше, өткен тәулікте Солтүстік Кореяда 134 мың адамнан «безгек» деп аталып кеткен ауру белгілері анықталған. Бұл ретте бірде-бір өлім жағдайы тіркелмеген.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, сәуір айының соңынан бері КХДР-да безгек ауруының белгілері бар 2,94 млн адам анықталған. Олардың 2,54 млн-ы сауығып шықса, 400 мың адам ем қабылдауда.

«Төтенше жағдайларға ден қоюдың максималды деңгейі енгізілгеннен кейін бірнеше күннен соң, елде ауру жұқтыру мен өлім-жітім көрсетіші күрт төмендеді. Емделіп шыққандардың саны артты. Бұл пандемияны тиімді ұстап тұруға, жағдай тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік берді», - делінген агенттік хабарламасында.

Еске сала кетейік, 12 мамырда Солтүстік Корея билігі ел аумағында коронавирустың анықталғанын ресми мәлімдеген болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале