Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы 40 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді.
Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ресми сайтында (https://www.gov.kz) жарияланды.
Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізген сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы әшкереленген. Ол «Ж» ЖШС директорынан аталмыш серіктестіктің пайдасына салықтық тексерудің оң актісін шығарғаны үшін аса ірі мөлшерде, яғни 40 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді. Күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.
Айна Имашева,
zhaikpress.kz