26.05.2022, 9:45
Оқылды: 110

40 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы 40 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді.

fximokw11ly2jr1rwlao_u5ba5cn5820oi909jhc4

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ресми сайтында  (https://www.gov.kz) жарияланды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізген сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы әшкереленген. Ол «Ж» ЖШС директорынан аталмыш серіктестіктің пайдасына салықтық тексерудің оң актісін шығарғаны үшін аса ірі мөлшерде, яғни 40 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді. Күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.

Айна Имашева,

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале