1.06.2022, 15:30
Оқылды: 270

«Біз бақытты баламыз еркелеген»

Дәл осындай атаумен бүгін Тұңғыш Президент алаңында Балалар жылы және Халықаралық балаларды қорғау күніне орай фестиваль ұйымдастырылды. Балаларға таза ауадағы белсенділікті дәріптеуді, ойын арқылы мәдениеттілікке тәрбиелеуді мақсат еткен мерекелік фестивальге 1500-ден астам бала қатысты.

5

Балалар мерекесіне облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов пен қала әкімі Миржан Сатқанов арнайы келді.

6

–  Балалар мерекесі және ҚР мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында ашық аспан астында бас қосып отырмыз. Бұл игіліктің бәрі ырыс-ынтымағымыз бен береке-бірлігіміздің, еліміздегі тұрақтылықтың арқасы екендігі сөзсіз. Елімізде балалардың жан-жақты дамуы үшін бар жағдай жасалуда. Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысының бастамасымен мектеп оқушылары тегін үйірмелерге, спорттық секцияларға барып жүр. Жыл аяғына дейін облысымызда алты үлкен мектептің құрылысы аяқталады. Сонымен қатар аудан орталықтары мен ауылдарда 16 модульді мектеп құрылысы басталмақ, - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.

 

7

«Ғажап әлем», «Мейірім», «Патриот» тағы басқа тақырыптық алаңдарда балаларға арналған түрлі іс-шаралар өткізілді. Мәселен,«Дарындылар» алаңында шығармашылық байқауларда жүлделі орындарды иеленіп жүрген шәкірттер жиналса, «Мейірім» алаңында демеушілердің тарапынан балғындарға мерекелік сый жасалып, ойыншықтар мен тәттілер үлестірілді. Осы ретте  «Қоржын» мейрамханасы, «Сделай детям добро» бірлестігі және «Достық» оқу орталығы, «125 High School», республикалық физика-математика мектебінің «Fizmat Primary» мектебі  белсенділік танытқанын атап өткен жөн. «Биле, бізбен бірге» алаңына қаладағы білім беру ұйымдарының би ұжымдарынан 600-ден астам бишілер қатысып, бейбітшілік пен тыныштық орнаған еліміздегі бақытты балалық шақ көрінісінде композициялық би қойылымын ұсынды. Ал «Қайсар! Жігер! Шабыт!» алаңында қосымша білім беру ұйымдары балалар үшін ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырды. Бүлдіршіндерге түрлі эмоция сыйлаған мерекелік фестиваль концерттік бағдарламаға ұласты.

Гүлжамал Жолдығали,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале