Биыл бұл жобаның ашылу салтанаты 1 маусым – Балаларды қорғау күнімен тұспа-тұс келді. Шараға БҚО әкімі Ғали Есқалиев және белсенді жастар қатысты.
«Жасыл ел» еңбек және құрылыс жасағы осымен өзінің он сегізінші еңбек маусымын бастайды. Бұл жобаның мақсаты – жастарды еңбекке баулу, айналаны күтіп-ұстауға бағыттау, экологиялық тәрбие беру.
«Жасылелдіктердің» дәстүрі бойынша еңбек маусымы қорытындыланып, үздіктер анықталды.
Үздік еңбек жасақтарын БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов марапаттады.
«Жасыл ел» еңбек жасағы жастардың сүйікті жобасына айналды. Ол жерде еңбек ететін жастар саны жыл сайын артуда. Былтыр жасыл ел қатарында 1175 адам қызмет еткен. Оның 344-і қалада, ал 831-і аудандарда жұмыс істеген. Ал құрылыс отрядында 500 адам жұмыс істеген. «Жасылелдіктер» тек жасыл желектерді ғана баптап қоймай, соңғы жылдары бау-бақша өнімдерін күтіп-баптауға да атсалысып жүр.
Былтырғы маусымда Теректі ауданы аумағында 7.3 гектар жерге бау-бақша өнімдері егіліп, күтіліген. Осы еңбекке атсалысқан жастар үздіктер қатарынан табылып, арнайы алғысхаттармен марапатталды.
Шара барысында үздік командирлер анықталып, арнайы төсбелгілермен марапатталды.
«Жасыл ел» сарбаздары қаланы көгалдандырып қана қоймай, тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыруға да еңбек етіп келеді.
zhaikpress.kz