2.06.2022, 11:45
Оқылды: 306

«Жасыл ел» жастар еңбек және құрылыс жасағының кезекті маусымы ашылды

Биыл бұл жобаның ашылу салтанаты 1 маусым – Балаларды қорғау күнімен тұспа-тұс келді. Шараға БҚО әкімі Ғали Есқалиев және белсенді жастар қатысты.

WhatsApp Image 2022-06-02 at 11.31.43 (1)

«Жасыл ел» еңбек және құрылыс жасағы осымен өзінің он сегізінші еңбек маусымын бастайды. Бұл жобаның мақсаты  жастарды еңбекке баулу, айналаны күтіп-ұстауға бағыттау, экологиялық тәрбие беру.

WhatsApp Image 2022-06-02 at 11.31.43

«Жасылелдіктердің» дәстүрі бойынша еңбек маусымы қорытындыланып, үздіктер анықталды.

Үздік еңбек жасақтарын БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов марапаттады.

WhatsApp Image 2022-06-02 at 11.31.42

«Жасыл ел» еңбек жасағы жастардың сүйікті жобасына айналды. Ол жерде еңбек ететін жастар саны жыл сайын артуда. Былтыр жасыл ел қатарында 1175 адам қызмет еткен. Оның 344-і қалада, ал 831-і аудандарда жұмыс істеген. Ал құрылыс отрядында 500 адам жұмыс істеген. «Жасылелдіктер» тек жасыл желектерді ғана баптап қоймай, соңғы жылдары бау-бақша өнімдерін күтіп-баптауға да атсалысып жүр.

WhatsApp Image 2022-06-02 at 11.31.44

Былтырғы маусымда Теректі ауданы аумағында 7.3 гектар жерге бау-бақша өнімдері егіліп, күтіліген. Осы еңбекке атсалысқан жастар үздіктер қатарынан табылып, арнайы алғысхаттармен марапатталды.

WhatsApp Image 2022-06-02 at 11.31.45

Шара барысында үздік командирлер анықталып, арнайы төсбелгілермен марапатталды.

«Жасыл ел» сарбаздары қаланы көгалдандырып қана қоймай, тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыруға да еңбек етіп келеді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале