3.06.2022, 12:01
Оқылды: 23

Әрбір қазақстандықтың дауысы маңызды

Еліміз маңызды саяси өзгерістердің алдында тұр және бұл өзгерістер азаматтардың қатысуынсыз жүзеге аспайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында осы ойды жеткізді.

Алтынбек Ермекқалиев

Ең бастысы, Конституцияға енгізілетін өзгерістер халық талқысына шығарылады және азаматтарымыздың шешімімен қабылданады.

Президентіміз жұмыс тобы Ата Заңымыздың 33 бабына өзгеріс енгізуді ұсынғаны туралы айтты. Бұл Конституцияның үштен бір бөлігі деген сөз. Сондықтан өзгерістер – ауқымды әрі маңызды. Осыны ескере отырып, Мемлекет басшысы республикалық референдум өткізуді ұсынды. Бұны айтулы саяси оқиға деуге толық негіз бар. Себебі мұндай референдум осыдан 27 жыл бұрын өткізілген еді. Ол кезде де қолданыстағы Ата Заңымыз қабылданған болатын. Содан бергі өзгерістер Парламенттің қатысуымен ғана жүзеге асырылып келгені белгілі.

Жаңа Қазақстанда қоғамның пікірі – алдыңғы орында. Президентіміз өзінің осы бастамасы арқылы азаматтарды ел өміріне белсене араласуға шақырып отыр. Қасым-Жомарт Кемелұлының, референдум әрбір азаматтың елдің тағдырын айқындауға тікелей қатысу мүмкіндігі дегені сондықтан. Бұл қадам, бір жағынан, билік пен қоғамның арасындағы әлсіреген сенімді нығайтуға да оң ықпалын тигізетіні анық.

Қорыта айтар болсам, референдум  – ең бірінші  кезекте  халықтың ойы мен пікірі.  Екіншіден, барша қазақстандықтардың ортақ мүддесі. Үшіншіден, еліміздегі үлкен саяси маңызды демократиялық үрдіс деп білемін. Оның тарихи маңыздылығы да осында жатыр  деуге  болатынына сенімім мол.

Ел өмірін жаңартар саяси бетбұрысқа атүсті қарамай, 5 маусым күні өтетін референдумға жаңақалалықтар болып қатысып, дауыс берейік, қадірлі ағайын!

Алтынбек Ермекқалиев,

журналист,

облыстық мәслихат депутаты

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале