Ақтауда суға батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖД сілтеме жасап.
"Таңғы сағат 8:35-те Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 2 маусым күні Каспий теңізіне арнайы тақтамен (SUP-board) шығып құлап, суға батып кеткен 2005 жылы туған азаматтың мәйітін тапты", - деді Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға тергеушісі.
Қайтыс болған жасөспірім Бейнеу ауылының тұрғыны екені анықталды.
Еске салайық, бұған дейін Ақтауда Приморский маңында бір жасөспірім суға батып кеткені хабарланған болатын.