Қаратөбе ауданы №273 Ханкөл сайлау учаскесіне дауыс беру үшін ауыл халқы ертемен жиналды. Дауыс берудің ашылуында учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Рүстем Ербөлеков сөз сөйлеп, жалпыхалықтық референдумға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайлау учаскесіне ең алғаш боп келген қарт сайлаушы Әйтен Хайыровқа және жас сайлаушы Дәрмен Тұяқовқа комиссия төрағасы сыйлықтар табыс етті.
Сондай-ақ сайлаудың әділ өтуіне қоғамдық ұйымдардан бақылаушылар арнайы қатысуда. Ханкөл елді мекенінде де тұрғындардың дауыс беру қарқыны жоғары. Қазіргі таңда дауыс бергендер саны 10.15-тегі мәлімет бойынша 136 адамды құрап отыр. Бұл дауыс берушілердің 45 пайызын құрайды.
Әмірбек Жәнібеков,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz