5.06.2022, 12:26
Оқылды: 31

Дауыс беру жалғасуда

Қаратөбе ауданы №287 Шөптікөл сайлау учаскесінде дауыс беру таңғы сағат 7-де басталды. Мемлекеттік әнұран орындалып, учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Мербол Есендосов дауыс беру басталғанын жариялады.

1

Аталған референдум учаскесіне 689 сайлаушы тіркелген. Учаскелік комиссияның cағат 10.15 минуттағы мәліметінше 281 адам дауыс беріп, дауыс берушілердің 40,7 пайызы өз таңдауларын жасап үлгерді. Референдум учаскесіне «Партиялық емес байқау орталығынан» - 2 байқаушы, Батыс Қазақстан облыстық «Азаматтық Альянсынан» 1 байқаушы қатысуда.

3

Ауыл тұрғыны Бақытжамал Төлеушева референдум учаскесіне ең бірінші дауыс беріп өз таңдауын жасаса, ең үлкен дауыс беруші ауылдың ақсақалы, еңбек ардагері Жамбыл Тоқжанов ағамыз болды. Алғаш рет дауыс беруші, Қазақ-Британ техникалық университетінің І курс студенті Шынар Нұрмағамбетова да сыйлыққа ие болды.

2

Ерболат  Райсов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале