Мұхит атындағы орта мектеп ғимаратында орналасқан №278 Жаңақоныс референдум учаскесіне Қаратөбе ауылының тұрғыны Қанат Досқазиев отбасымен келіп дауыс берді.
– Конституциямызға өзгерістер енгізуге орай өткізіліп отырған референдумға бүлдіршіндерімді ерте келіп, өз таңдауымды жасадым. Еліміздің жарқын болашағына сенемін. Ата Заңымыз - ел тәуелсіздігінің кепілі, - дейді тарихшы Қанат Мұратұлы.
Дауыс беруге отбасымен келген Қ.Досқазиевке учаскелік комиссия тарапынан сыйлық табысталды.