Қаратөбе ауылының 97 жастағы тұрғыны Нәзима Мырзагереева "Қаратөбе" референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Еліміздегі саяси науқанға атсалысқан кейуана жас ұрпақтың амандығын тілеп, еліміздің гүлдене беруіне тілектестігін жеткізді.
Референдум учаскесіне өзі келген әжемізге учаскелік комиссия төрағасы Берікжан Ғарапшиев алғысын айтып, сыйлық табыстады.
Серікбай Хасанов,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kzх