23-28 мамыр аралығында Алматы қаласында спорттық гимнастикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Чемпионатта Орал қаласындағы №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Арина Молдағалиева қола медальға қол жеткізіп, мерейімізді өсіріп тастады. Ол спорт шеберлігіне үміткерлер арасындағы бағдарлама бойынша бөренеде жаттығулар орындауда жақсы өнер көрсетті. Осы тұрғыда спортшының бапкерлері – Ирина Крепица мен Айжан Мұсабекованың еңбегі зор. Жүлдегер Аринаның тартысты додаларда әлі талай топ жарып, өңір абыройын асқақтата беретініне сенеміз.
Нұрлыбек Тұяқов,
№2 БЖСМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары,
Орал қаласы