6.06.2022, 19:09
Оқылды: 80

Жаңа саяси кезең басталғанының айғағы

– Партия фракциясының мүшесі ретінде, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы ретінде ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша бүкілхалықтық референдумды қолдау жөніндегі штаб құрамында қызмет атқардым. «Amanat» фракциясы атынан байқаушылар барлық учаскеде референдумның талапқа сай өтуін қадағалады. Дауыс беру учаскелерінде өрескел заңбұзушылықтар тіркелмеді.

17371339-23B2-46F5-A3E8-6D90D1DCCC93

Референдумның алдын ала қорытындысы бойынша облыста дауыс бергендердің 80%-ы өзгерістерді қолдайтынын көрсеткен. Ата заңға өзгерістер енгізу арқылы көптеген заң талаптары қайтадан сараланды. Суперпрезиденттік жүйеден алшақтап, сенімді Парламент қалыптастыруға үлкен қадам жасадық. Президент біраз өкілеттілігін Парламент құзырына беріп, шешуші сәтте халық сайлаған депутаттардың басым болуына мүдделі болып отыр. Айтулы күнге дейін халыққа түсіндіру жұмысы өз деңгейінде өтті. Үгіт-насихат топтары ұжымдық кездесулерде заң баптарының рөлін жатық тілмен жеткізді. Саяси өзгерістерге сергек қарауды азаматтық міндет ретінде қараймын. Орал қаласындағы Зашаған кентінде орналасқан № 403 учаскеге отбасыммен барып, бәріміз бір кісідей дауыс бердік. Республикалық референдум – ел үшін жаңа саяси кезеңнің басталғанының айғағы.

 Нұрғиса Камашев,

«Amanat» партиясы БҚОФ партиялық бақылау комиссиясының төрағасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале