7.06.2022, 10:45
Оқылды: 46

Ұлыбритания төрт күндік жұмыс аптасына өте бастады

Осы аптадан бастап Ұлыбританияда мыңдаған жұмысшы төрт күндік жұмыс аптасына өту бойынша тәжірибе бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

220607104404477e

Алты айға созылатын және тарихтағы ең үлкен экспериментке 70-ке жуық компания қатысып жатыр. Оны еңбек ақысын жоғалтпай қысқартылған жұмыс аптасын жақтайтын бастамашыл топ ұйымдастырды.

Экспериментке қатысушылар жұмсалған уақыттың 80% үшін жалақысының 100% алады, бірақ олардан еңбек өнімділігінің артуы талап етіледі. Экспериментті Оксфорд пен Кембридждің британдық ғалымдары және олардың Бостондағы америкалық әріптестері Autonomy аналитикалық компаниясымен бірлесе отырып басқарады.

Экспериментке қатысуға бағдарламалық жасақтама жасаушылар мен жұмыспен қамту кеңселерінен бастап қайырымдылық ұйымдары мен жергілікті фиш-энд-чипс тамақтану орындары сияқты көптеген компаниялар жазылды.

3 мыңға жуық адам тартылған британдық эксперимент - бұл жаһандық бастаманың бір бөлігі ғана. Осыған ұқсас тәжірибелер Ирландия, АҚШ, Канада, Аустралия және Жаңа Зеландияда өткізіліп жатыр.

«Қатаң көпжылдық жұмыс тәртібін ұстанудың еш мәні жоқ. Көптеген жағдайда сіз 100% өнімділік беруіңіз мүмкін. Мұны осыны қолданып жатқан компаниялардың тәжірибесі растай алады», - дейді «Жаһандық төрт күндік жұмыс аптасы» жобасының жетекші зерттеушісі, Бостон колледжінің экономист, әлеуметтанушысы Джульет Шор.

Зерттеуші мұндай режимнің бәріне және әр мамандыққа сай келмейтінін айтты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале